Заңды тұлғалар үшін берешекті өндіріп алу

Дебиторлық берешек компаниялардың қызметінде маңызды рөл атқарады, өйткені айналым капиталының құрамдас бөлігі болып табылады. Кейбір басшылар бизнес-үдерістерді сауатты құрып, дебиторлық берешекті нөлге жеткізуге тырысады. Басқа басшылар бұл жағдайға бейжай қарауы мүмкін. Дебиторлық берешек – ағзадағы паразит сияқты, оларды елемеу ақша қаражатының жоғалуы, компанияның қаржылық тұрақтылығын жоғалту, компания ресурстары тиімділігінің төмендеуі, сондай-ақ іскерлік беделінің жоғалуы немесе нашарлауы сияқты қайғылы салдарларға әкеледі. Дебиторлық берешек – бұл әрдайым бизнеске қосымша жүктеме. Дебиторлық берешекке қарсы күресте компания басшысы немесе заң бөлімі үш қадам жасайды – бұл сотқа дейінгі талап-арызды жазу, талап-арызды жасау және оны сотқа жіберу, ал сот шешімі шыққаннан кейін атқару парағын сот орындаушысына беру. Алайда, осы іс-әрекеттерден кейін де дебиторлық берешек көп жағдайда жабылмаған болып қалады және компания өз ақшасын шотта емесе, тек қағазда ғана көре алады. Біз сізге осы жағдайға екінші жағынан келіп, сіздің “дебиторлық берешек” деген бас ауруыңызды біздің иығымызға салуды ұсынамыз.

Біз сізге қалай көмектесе аламыз?

“FLA” ЖШС өндіріп алу бойынша шаралар кешенін ұсынады:

Борышты сотқа дейін өндіріп алу

Наразылық жұмыстарын жүргізу:

  • Ағымдағы жағдайды талдау және берешектің пайда болу себептері
  • Айыппұл санкциялары мен өсімпұлдарды ескере отырып берешекті есептеу
  • Шағым хат жасау
  • Борышкермен кездесу
  • Активтерді іздеу

ЖСО қызметін бақылау

Сот арқылы өндіріп алу

  • Сотқа талап беру үшін құжаттарды дайындау (төрелік)
  • Талап арыз жасау
  • Процесске қатысу
  • Сот шешімін алу

Банкроттыққа беру

Қылмыстық іс қозғау

Меню